Алматыда үш кітапхана тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшті. Мұндай игі қадам қала тұрғындары мен қонақтарының сұранысына орай қолға алынған. Қазір алып шаһардағы кітапханалардың 95 пайызы материалдық базасын жаңартты. Сондай-ақ заманауи технологиямен жабдықталған. Бұл қоғамдағы оқу мәдениетін қалыптастырып, жастардың кітапқа деген құштарлығын арттыруға сеп,- дейді мамандар. Әсіресе білім қуған ізденімпаз студенттер үшін мұндай бастама өте тиімді. Себебі кітапханалар тегін интернетпен қамтылған.
Айта кетейік, былтыр Түркістанда өткен ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана құру идеясын ұсынған еді.
Бану Дәулетбаева, Жамбыл атындағы кітапхана жетекшісі:
Заманауи кітапхананың келбетін қалыптастырып жатырмыз. Мұнда тегін интернет жұмыс істеп тұрады, содан кейін олар өздеріне қажетті әдебиетке тапсырыс беріп, жұмыстарын жасай алады.
Жазира Оразқызы