Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында салынып жатқан көпірдің құрылысы аяқталуға жақын. 2021-жылы қос жағалаудан қатар басталған көпір кеше түйісті. Бұл Орталық Азиядағы су үстіне салынған ірі нысандардың бірі. Көпірдің ұзындығы 1 316, метр, ені 13, ал биіктігі 18 метр болмақ. Көпір үстінде екі жолақты жол салынады. Тәулігіне 80 мың көлікке дейін өтеді. Құрылыстарды монтаждау жұмыстары 100 пайызға аяқталды. Көпір пайдалануға берілген соң шалғайдағы Күршім, Марқакөл, Тарбағатай және Зайсан аудандарын Самар ауданымен және облыс орталығымен байланыстырып, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды жақсартпақ.
Ерлан Уәлиев, облыстық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
Биыл қазан айының аяғына дейін бұл көпірмен жүру жоспарланған. Жалпы одан ары қарай абаттандыру жұмыстары жүре береді. Абаттандыру жұмыстары біткеннен кейін 2025-жылы қабылданатын болады.
Олжас Керейхан