Орталық Азия елдеріне ортақ өңірлік медиа платформа жасақтау ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия елдеріне ортақ өңірлік медиа платформа жасақтау ұсынылды

08.08.2024

Орталық Азия елдеріне ортақ өңірлік медиа-платформа жасақтауға ден қойылмақ. Бұл ақпарат кеңістігіндегі байланысты күшейтіп, түрлі сын-қатерлерге қарсы тұруға ықпал етеді. Бүгін Астанада Орталық Азия елдері Ақпарат министрлерінің консультативтік кездесуі өтті. Оған Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан елінен ведомство өкілдері қатысты. Жиналғандар масс-мадиа саласындағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Фейкпен күрес жұмысында біріккен жоспар құру жайын да ұсынды.

Қанат Ысқақов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:

Ақпарат кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселесі тек Қазақстанмен шектеліп қана қоймайды. Оған Орталық Азия елдері теңдей үлес қосуы керек деп есептеймін. Бұл бәрімізге ортақ іс. Бірыңғай жүйе құрсақ та артық етпес. Осыған орай біз сіздермен тәжірибе алмасып, қоян-қолтық жұмыс істеуге әзірміз. Мүмкін ұтымды нормалар болар. Біздің ортақ мүддеміз масс-медиа саласында үндестік тапқанда ғана сын-қатерлерге төтеп бере аламыз.

Хабарламаларға жазылу