Ақмола облысында тасқын судан зардап шеккен тұрғындар үшін 331 үй салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Жаңа баспаналардың қабырғасы қаланған. Жақын арада тұрғын үйлерге су, жарық, жылу желілері тартыла бастайды. Жалпы өңірде су кірген екі мыңға жуық үйдің 500-ден астамы апатты деп танылды. Қалғандарын қалпына келтіруге болады. Бүгінгі күнге дейін 715 баспана жөнделді. Тасқыннан зардап шеккендерге нарықтан 221 үй сатып алынды. 1782 отбасы біржолғы әлеуметтік төлем алды. Ал мүлкіне зақым келген 814 жанұяға өтемақы берілді.
Қарила Ұлықбаева, ауыл тұрғыны:
Қатты келді су. 2 сәуірде түнгі сағат 11-де келіп, 10 сәуірде қайтты. Менің қыз балам бар еді. Сол ауылда тұратын. Сол үйде айдан артық тұрдым. Осындай қысылған кезде барлығы иіліп, бар көмектерін жасап жатыр.