Йеменді жайлаған су тасқынынан қаза тапқандар саны 40-қа жетті. Тағы бірнеше тұрғын жоғалып кеткен. Алапат тасқын елдің Хадджа және Ходейда провинцияларында жүрді. Жолдарды су шайған. Жүздеген үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Олар уақытша лагерьлерде тұрып жатыр. Аймақта толассыз нөсер әлі де жалғасады. Табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындар қайырымдылық ұйымдарының көмегіне зәру.