Боливияда өткен айдан бері орман өрті дес бермей жатыр. Елдің шығысында 18 мыңдай өрт ошағы тіркелген. Лапылдаған жалын қалаларға жетті. Үйлер өртенген. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр. Тілсіз жаумен күресті аптап ыстық, жауын-шашынның болмауы және ұзаққа созылған қуаңшылық қиындатты. Өртке байланысты Санта Крус өңірінде жыл соңына дейін төтенше жағдай жарияланған.