Қызылордада оқушыға зорлық көрсеткендерге қатысты іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада оқушыға зорлық көрсеткендерге қатысты іс қозғалды

08.08.2024

Қызылордада мектеп оқушылары өзінің сыныптасына зорлық-зомбылық көрсетіп келген. Қазір 16 жастағы қызға мамандар психологиялық және медициналық көмек көрсетіп жатыр. Аталған деректі облыстық білім басқармасы бұған дейін жоққа шығарған болатын. Бірақ Оқу-ағарту министрлігінің балалар құқықтарын қорғау комитеті ақпаратты растады. Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктілер уақытша қамауға алынды. Құқық қорғау органдары жайсыз оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеуді бастады. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да зәбір көрген оқушының ата-анасымен байланысып, жағдайды бақылауға алды. Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі де бұл іс бойынша тексерісті бастады.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу