3 әуе компаниясы мен 4 ұшқыш әкімшілік жауапкершілікке тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

3 әуе компаниясы мен 4 ұшқыш әкімшілік жауапкершілікке тартылды

08.08.2024

3 әуе компаниясы мен 4 ұшқыш әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі АН-2 ұшақтарына қатысты жеңіл және аса жеңіл азаматтық әуе кемелерін жоспардан тыс тексерді. Нәтижесінде бірнеше заң бұзушылық анықталған. Мәселен командир «ұшқыштың қолданыстағы куәлігінсіз» көкке көтерілген. Әрі әуе қозғалысына қызмет көрсететін органға мұны хабарламаған. Бұдан бөлек ұшу құжатының болмауы, әуе кемесінің техникалық қызмет көрсету құжатын орталыққа жібермеген фактілер де тіркелді. Жоспардан тыс тексерулер жалғасады. Осы айда 6 пайдаланушы тексерілмек.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу