Павлодар облысында ішкі көші-қон бағдарламасына бөлінген 1,1 млрд теңге ұрланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында ішкі көші-қон бағдарламасына бөлінген 1,1 млрд теңге ұрланған

08.08.2024

 Ал Павлодар облысында ішкі көші-қон бағдарламасы іске аспай, 1 млрд 100 млн теңге желге ұшқан. Заңсыздықтарды анықтаған облыстық прокуратура сотқа дейінгі 13 қылмыстық іс қозғады. Құзырлы органның мәліметінше қаржы жымқыру фактілері облыстың 5 ауданында тіркелген. Бағдарламаны үйлестіретін тиісті басқарма бюджет қаржысының талан-таражға түскеніне көз жұма қараған. Мәселен Железинка ауданында 6 үй сатып алынды деп жалған құжат жасалған және оңтүстіктен бірнеше отбасының көшіп келгені тек қағаз жүзінде көрсетілген. Ал Май ауданында адам тұруға жарамайтын, жартылай бұзылған үйлер қомақты қаржыға сатып алынған.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу