Бангладештегі уақытша үкіметті Нобель сыйлығының иегері басқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангладештегі уақытша үкіметті Нобель сыйлығының иегері басқарады

09.08.2024

Бангладештің уақытша үкіметін Нобель сыйлығының иегері, экономист Мұхаммед Юнус басқарады. Ол өтпелі министрлер кабинетінің басшысы ретінде ант берді. 84 жастағы Юнусті премьер-министр етіп тағайындау шеруге шыққан студенттердің талабы еді. Ал ел үкіметін 15 жыл басқарған Шейх Хасина апта басында Үндістанға кетуге мәжбүр болды.

Бангладеште жұмыс квоталарын алып тастауды талап еткен студенттер шеруі шілдеде басталды. Полиция демонстранттарға күш көрсетті. Тәртіпсіздіктер кезінде 300-ге жуық адам қаза тапқан. Бұдан кейін шеру премьер Хасинаны биліктен кетіру науқанына ұласты.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу