Астанада 14 мың бала оқу жылын жаңа мектепте бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 14 мың бала оқу жылын жаңа мектепте бастайды

09.08.2024

Биыл Астанада 14 мың бала оқу жылын жаңа жайлы мектепте бастайды. «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы жанындағы Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңес мүшелері, қалалық мәслихатының депутаттары құрылыс барысына мониторинг жүргізді. Қыркүйекте іске қосылатын 7 мектептің құрылысы 97% аяқталған. Енді техникалар мен құрал-жабдықтарды қою қалды. Жыл соңына дейін тағы 9 мектеп қолданысқа беріледі. Бүгінде мыңдаған баланың ата-анасы білім ордаларына құжат тапсырып қойған.

Мұхамед Болысбек, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы:

95-97 пайызға дайын. Әрине, түзететін жерлер бар. Құрылыс жұмыстары әлі де жүру керек. Оның барлығын сол қыркүйек айына дейін, яғни жаңа оқу маусымына дейін аяқтаймыз деген уәделерін беріп отыр.


Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу