АҚШ-тың Нью-Йорк штатында дауылға байланысты төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Нью-Йорк штатында дауылға байланысты төтенше жағдай жарияланды

10.08.2024

АҚШ-тың Нью-Йорк штатында сұрапыл "Дебби" дауылына орай төтенше жағдай жарияланды. Өңірде нөсер жауын жауып тұр. Оның үстіне қатты жел соққан. Қолайсыз ауа-райына байланысты тұрғындар үйлерінен шыға алмай отыр. Дүлей дауыл сағатына 56 шақырым жылдамдықпен солтүстік-шығысқа қарай ойыса бастаған.

Елдің ұлттық ауа-райы қызметі Джорджиядан бастап Вермонт жағалауына дейінгі аймақта су тасқыны жүріп, құйын көтерілуі мүмкін екенін ескертті. "Дебби" дауылы АҚШ-қа апта басында соққы берді. Рейтер-дің мәліметінше, содан бері табиғи апаттан 8 адам қаза тапқан.


Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу