Ақтауда жалпыхалықтық сенбілік өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда жалпыхалықтық сенбілік өтті

10.08.2024

Ақтауда жалпыхалықтық сенбілік өтті. Тазалық акциясы бірнеше жерде ұйымдастырылды. Теңіз жағалауына да тұрғындар көп жиналды. Шамамен 5 шақырымға жуық жер қоқыстан тазартылды.

Жағалаудағы сәулет мүсіндері де қайта сырланып, қураған қамыс орылды. Дала сахнасында өнерпаздар ән салып, сенбілікке қатысқан көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Мұрат Сыранов, Ақтау қаласының тұрғыны:

Біздің Ақтау – Қазақстан бойынша ең таза қала. Оған бәрі куә. Келіп-кеткен қонақтардан естіп жатырмыз. Сол тазалығымызды сақтайық. 


Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу