Абайдың туған күні Мәскеуде де аталып өтті. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қызметкерлері, қандастар, студенттер ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Жиналғандар ақынның өлеңдерін, қара сөздерін оқып, әндерін шырқады. «Ұлы ойшылдың шығармаларын шетелде кеңірек насихаттауымыз керек»,- дейді шараға қатысушылар.
Мадияр Жұмабеков, Мәскеу мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуші:
Абай атамыздың туған күні маңызды. Абай қазақ халқы үшін өте маңызды данышпан, ұлы философ. Осы Мәскеудің төрінде қандастардың басын біріктіріп, өлеңдерін оқу өсіп келе жатқан ұрпақ үшін өте маңызды.
Индира Бегайдар