Париждегі жазғы Олимпиада ойындары мәресіне жетті. Дүбірлі доданы Қазақстан құрамасы 7 медальмен аяқтады.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Париж Олимпиадасына Қазақстаннан 80 спортшы келген еді. Бірақ сайыстың алғашқы күндері екі бірдей спортшымыз Елена Рыбакина мен Юлия Путенцева сырқаты мен жарақатына байланысты жарыстан шығып қалды. Ал қалған спортшыларымыз шама шарқынша ел намысын қорғауға тырысты. Дүбірлі доданың алғашқы күні-ақ дзюдон 60 келі салмақта Елдос Сметов алтын медаль жеңіп, төбемізді көкке жеткізді.
Сол күні пневматикалық мылтықпен нысана көздеуден Александар Ле мен Ислам Сәтбаев та қола жүлдегер атанып, қуантып тастады.
Бірнеше күннен кейін тағы бір дзюдошымыз Ғұсман Қырғызбаев қола медаль жеңіп, жанкүйерлердің еңсесін тіктеді. Ал боксшыламыздың сегізі сәтсіз өнер көрсетті. Қалған екеуі яғни ерлер арасында 80 келіде Нұрбек Оралбай мен әйелдері боксынан 50 келі салмақта Назым Қызайбай ел қоржынана бір күміс бір қола салды. Спорттық Гимнастикадан Нариман Құрбанов және грек-рим күресінен Демеу Жадыраев та күміс жүлдегер атанды.
Диас Ахметшәріп, ҚР Туризм және спорт министрінің кеңесшісі:
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Ал өзбек ағайындарымыз Париж төрінде атой салды. Көршілеріміз бокс, дзюдо, еркін күрес пен таэквондодан 8 алтын жеңіп алды. Олардың әлемдік арендағы жетістігінің сыры неде? Осы сұраққа жауап алу үшін өзбекстандық делегация өкілдеріне жақындап едік, жауап беруден бас тартты.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Парижде өткен олимпиада ойындарына 10 миллионға жуық билет сатылған. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін 1996 жылы Атлантада өткен ойындар кезінде 8 млн билет сатылған еді. Яғни биылғы дүбірлі додада 28 жыл сақталған рекорд бұзылды. Ал, дүбірлі доданың ашылу салтанаты ерекше форматта өтті. 200-ден астам елден келген спортшы мен делегация өкілдері қайықтарға отырып, Сена өзенімен 6 шақырымды жүріп өтіп, атақты Трокадеро алаңында жиналды. Қаладағы қауіпсіздікті қаматамасыз етуге 80 мыңнан астам маман жұмылдырылды. Оның екі мыңы Франция билігінің сұрауымен 46 елден келген сақшылар. Міне Париж олимпиадасы осындай сәттерімен есте қалды.