Президент Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

12.08.2024

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстар туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ министр әскери қызметшілер мен зейнеткерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолдауды арттыру шаралары туралы айтты. Халықаралық оқу-жаттығу жиындарының нәтижелері, жауынгерлік дайындыққа жаңа әдістер енгізу жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы Қорғаныс министріне Қарулы Күштердің әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу