Түркістан облысында гидроцикл тізгіндеуші моторлы қайықтың тіркемесін соғып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында гидроцикл тізгіндеуші моторлы қайықтың тіркемесін соғып кетті

12.08.2024

Түркістан облысында гидроцикл тізгіндеуші моторлы қайықтың тіркемесін соғып кетті. Келеңсіз оқиға Шардара су қоймасында болған. Тіркемеде отырған 3 адам түрлі дене жарақатын алған. Олар дереу аудан орталығына жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Тәртіп сақшылары гидроциклдың жүргізушісін ұстап, полиция басқармасына жеткізіп, қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде. Ал су көлігі айып тұрағына қойылды.


Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу