Жапонияның Хонсю аралына тропикалық «Мария» дауылы соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның Хонсю аралына тропикалық «Мария» дауылы соққы берді

12.08.2024

Жапонияның Хонсю аралына тропикалық «Мария» дауылы соққы берді. Табиғи апаттан пойыз қатынасы шектеліп, әуе рейстері кейінге қалдырылған. Ұшақтар ертең де көкке көтерілмейді. Дауыл тұрған аймақта 46 сантиметрдей жауын-шашын түскен. Билік Иватэ, Аомори және Мияги префектураларының 170 мыңдай тұрғынына тасқын жүруі және лай көшкіні болуы мүмкін екенін ескертті. Бұған қоса күшті жел тұрып, теңізде толқын көтерілуі ықтимал.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу