«Алматыэлектротранс» ЖШС 250 млн теңгені заңсыз жұмсамақ болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алматыэлектротранс» ЖШС 250 млн теңгені заңсыз жұмсамақ болған

13.08.2024

«Алматыэлектротранс» ЖШС 250 млн теңгені заңсыз жұмсамақ болған. Құйтырқы әрекетті шарт жасау барысында жүзеге асырған. Дау міндетті сақтандыру шартына қатысты. Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, заң жүзінде олар шартты мемлекеттік сатып алу порталына қатысу арқылы жүзеге асыруы тиіс еді. Бірақ талапты орындамай, қағаз түрінде заңсыз жасаған. Міндетті сақтандыру шарты сот тәртібімен бұзылды. 250 млн теңге бюджет қаражаты мемлекетке қайтарылды. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу