Көкшетау қаласының 71 жастағы тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп, 10 млн теңгеден астам ақшасынан айырылды. Полицияның мәліметінше, алаяқтар зейнеткерге бір емес, бірнеше рет хабарласып, есепшотындағы ақшаны бәз біреулер шешіп алмақ болғанын айтып қорқытқан. Кейін айлакерлер құқық қорғау органы өкілдерінің атын бүркеніп, жәбірленушінің ұялы телефонына қауіпсіздік қосымшасын жүктеп алуға көндірген. Осылайша зейнеткер бірер секундта қомақты қаржыны белгісіз біреудің шотына аударып жіберген. Алаяқтар ұрланған қаражатты кейін шетелде шешіп алған.
Ұмсындық Наурызбаева