Балқан түбегіндегі елдерде аптап ыстықтың беті қайтпай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқан түбегіндегі елдерде аптап ыстықтың беті қайтпай тұр

13.08.2024

Балқан түбегі елдерінде аптап ыстықтың беті қайтатытын емес. Босния, Сербия және Грекияда сынап бағанасы + 40 градусты көрсетіп тұр. Ыстықтан қорғану үшін тұрғындар балмұздақ жеп, өзен жағасында серуендеуге мәжбүр. Синоптиктердің мәліметінше, аса жоғары ауа температурасы апта соңына дейін сақталады. Оның үстіне, өңірде бірнеше орман өрті тұтанған. Ыстық әрі құрғақ ауа-райынан өртті сөндіру қиынға соғып жатыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу