Биыл Астанада 20-дан астам мектеп пен 4500 орындық 6 студенттік жатақхана салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Астанада 20-дан астам мектеп пен 4500 орындық 6 студенттік жатақхана салынады

13.08.2024

Биыл елордада 20-дан астам мектеп пен 4500 орындық 6 жатақхана салынады. Президент қабылдауында болған Астана қаласының әкімі осылай деді. Жеңіс Қасымбектің айтуынша білім, медицина, өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика салаларындағы жобалар қарқынды. Негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Елордаға тартылған инвестиция көлемі 632 миллиард теңгеден асқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,2 пайызға артық.

Сондай-ақ 15 500 үлескер баспаналы болды. Енді қалған 500-і жыл соңына дейін қоныстанады. Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, шаһарды абаттандыру, сондай-ақ V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықты пысықтау жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

Президентке жылыту маусымына дайындық жөнінде баяндадым. Былтыр біз қосымша үш нысанды іске қостық. Олар ТЭЦ3, 2ГТС. Сондықтан бізде бірнеше жылға резерв бар. Осы жұмыс ары қарай жалғасып жатыр.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу