Қарағанды облысында 12 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 12 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

13.08.2024

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында 12 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. 15 жер учаскесі ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай бос жатқан. 2023 жылы жүргізілген тексеріс нәтижесінде 60 мың гектардан аса жер игерілмегені анықталып, барлығына ескерту жасалған. Жыл басынан бері 57 гектары сот бойынша мемлекет құзырына берілді. Алдағы уақытта қайтарылған жер көлемі 130 мың гектардан асуы мүмкін.

Арман Лямбеков, Облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы:

Бұқар жырау ауданында пайдаланылмай жатқан жерлерге мониторинг жасалып, біршама шаруашылықтар анықталды. Тиісті материалдар біздің департаментке келді. ҚР Жер кодексінің 92-94 бабтарына сәйкес жерлерді мәжбүрлеп тартып алу туралы шаралар қабылданды. 


Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу