Балқаш көлінің маңынан 3 тоннаға жуық қарасора табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаш көлінің маңынан 3 тоннаға жуық қарасора табылды

14.08.2024

Балқаш көлінің маңынан 3 тоннаға жуық қарасора табылды. Оның қара нарықтағы құны 300 миллион теңгеден асады. Жайқалып өсіп жатқан есірткі өсімдігін күтіп баптап, тіпті арнайы жүйемен суарған. Алматы облысының полицейлері қылмыстың алдын алды. Сол маңды тексеру барысында, шатырдан оқ пен мылтық, қарасораны өсіретін тыңайтқыш заттар және есірткі өсімдігін қалай өсіру керектігі жазылған дәптер де табылды. Қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер іздестіріліп жатыр. 

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу