Хамас Израильді зымырандармен атқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хамас Израильді зымырандармен атқылады

14.08.2024

Хамас тобы Израильге зымырандармен шабуыл жасады. Израиль армиясының мәліметінше, ракеталардың біреуі Тель-Авивке жақын суларға, ал екіншісі шекарадан өте алмай, Газа секторына құлаған. Куәгерлер жарылыс жаңғырығын естіген. Бұл - палестиналық топтың Израильге мамырдан бергі алғашқы шабуылы. Бұл әрекетті қозғалыс өз мойнына алды. Ал халықаралық қауымдастық өңірде атысты тоқтатуға бағытталған келіссөз бейсенбіде өтетінінен үмітті. Қарсыласушы тараптар Доха немесе Каирде бас қосуы ықтимал. «BBC»-дің мәліметіне қарағанда, келіссөз сәтті өтсе, Иран Израильден кек алу жоспарынан бас тартуы мүмкін. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу