Петропавл тұрғыны орта ғасырлық қамал салып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл тұрғыны орта ғасырлық қамал салып жүр

14.08.2024

Петропавл тұрғыны 10 жылдан бері тастан қамал салып, үйінің ауласын безендірумен айналысып келеді. Анвар Файзуллин бастапқыда бекіністі биік жардың жиегіндегі тастар құламасын деп қашағанын айтады. Зейнеткер әдемі композиция пайда болғанда ісін жалғастыра беруді ұйғарған. Уақыт өте жан-жағына ағаш пен гүл еккен. Көне Еуропаның ғимараттарының шағын көшірмесін жасауға шеберге немерелері де қолғабыс етеді. Қазір ерекше нысанға туристер де қызығушылық таныта бастаған.

Анвар Файзуллин, шебер:

Бұл ата-анамның шаңырағы. Осында туып-өстім. 2014 жылы ұлым үйіміздің жанынан жер алды. Оның биік жардың жанында тұрғаны алаңдатты. Сондықтан осындай қамалдар салдым. Жасыл желек оған ерекше көрік беріп тұр. Келіп көремін деген азаматтарға есігіміз әрдайым ашық.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу