Риддер қаласындағы Журавлиха өзенінің бойын қоқыс басып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риддер қаласындағы Журавлиха өзенінің бойын қоқыс басып жатыр

14.08.2024

Риддер қаласындағы Журавлиха өзенінің бойындағы көпшілік шомылатын жалғыз жағажай санитарлық талапқа мүлде сай емес. Екі жағаны қоқыс басып жатыр. Бастауын таудан алатын өзеннің өзегі көктемде су тасқынымен келген ағашқа толы. Бірақ оған қарамастан кеншілер шаһарының тұрғындары жазда осы жерден сая табады. Бір жыл бұрын бұл аумақты бір кәсіпкер жергілікті биліктен жалға алған. Алайда тұрғындардың айтуынша, әлгі азамат 5 орындық қана қойған. Басқа ештеңе істемеген. Тіпті қоқыс тастайтын контейнер де жоқ.

Рауан Құрметұлы, Риддер қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

Біздің шартымыз бойынша, кәсіпкерге талап қойғанбыз. Журавлиха өзені бойын таза ұстау, тазалық сақтау мусор павильонын қою. Бүгінге дейін кәсіпкер бұл талаптан шыға алмай жатыр, келесі жылға басқа кәсіпкер қарастырылуда.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу