Президент: Жастардың креативті дамуы ерекше назарда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Жастардың креативті дамуы ерекше назарда

14.08.2024

Президент «Кәусар» оқушылар сарайын да аралады. Таяуда ғана ашылған орталықта 1600 бала түрлі үйірмеге қатысады. Мұнда Оқушылар игілігі үшін HI-TECH цех, шығармашылық шеберхана, хореография залы, ART-студия мен экологиялық орталық, спорт және ойын алаңдары ашылған. Мемлекет басшысы жас ұрпақтың шығармашылық және креативті дамуының мәні зор екенін айтты. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға, соның ішінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізуге баса мән беретінін атап өтіп, оқушыларды осы маңызды бастамаға белсенді түрде атсалысуға шақырды.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу