Шахтинск қаласында жылыту маусымына дайындық пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахтинск қаласында жылыту маусымына дайындық пысықталды

14.08.2024

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында жылу кестеге сай беріліп, қыста кідіріс болмайды. Қазір мұндағы үш қазандық пен екі турбогенератор жөнделіп жатыр. Бір топ Мәжліс депутаты бүгін орталықтың жұмысын көрді. Өткен қыста олқылықтар анықталып, қаладағы тұрғын үйлерге жылу мардымсыз берілді. Халықты алаңдатқан мәселе Мәжілістің қабырғасында да көтерілді. Мамандардың айтуынша, қыркүйек айында қазандықтар біртіндеп іске қосыла бастайды.


Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жұмыс жақсы қарқындыжүріп жатыр. Жаңадан қойылған басшы жұмысын көрсетті. Енді оның барлығының іске асырылуын жылу берілген кезде ғана көре аламыз. Жалпы подрядтық мекемелерге қарыздары жоқ екен бұл өте маңызды. Себебі бізде көп жағдайда подрядчиктер жұмысын алып алады, одан кейін оның ақшасы уақытында төленбейді, олардан сұрасаң ананы, мынаны ала алмадық, өйткені ақшамыз жетпеді дейді. Бұл мәселелер жоқ екен.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу