Шымкентте аса ірі көлемде есірткі сатқандар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте аса ірі көлемде есірткі сатқандар сотталды

15.08.2024

Шымкентте жалған доллар мен есірткі заттарын сатқан екі тұрғын бас бостандығынан айрылды. Олар жалпы салмағы 5 кг болатын «гашишті» тағы да сатпақ болғанда ұсталған. Сондай-ақ қолға түскендердің бірі жалған 10 000 АҚШ долларын сатпақ болғаны дәлелденді. Ал оның сыбайласынан 13 100 жалған АҚШ доллары табылып, тәркіленді. Сот үкімімен күдіктілердің кінәсі дәлелденіп, олардың біріне 11 жыл, екіншісі 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу