Парижден оралған спортшылардан коронавирус анықталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижден оралған спортшылардан коронавирус анықталған

15.08.2024

Париж Олимпиадасында жүлде алған қазақстандық спортшылардан коронавирус инфекциясы табылды. Президенттің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Берік Уәли фейcбук парақшасында осылай жазды.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы, Ұлттық құрама мүшелерімен бүгін кездесуді жоспарлаған болатын. Өкінішке орай, атлеттер мен жаттықтырушылардың жартысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Сол себепті кездесу кейінге шегерілді. Спортшылар мен бапкерлердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз. Мемлекет басшысы Олимпиада жүлдегерлерін міндетті түрде қабылдайды. Кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр», - деп жазды.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу