Астанада жас шекарашылар қалашығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жас шекарашылар қалашығы ашылды

15.08.2024

Астанада жас шекарашылар қалашығы ашылды. Орталық Елорда іргесіндегі «Batyrlar» әскери-патриоттық мекемесінде орналасқан. Оған қарулы күштер, төтенше жағдайлар мен Ұлттық ұлан сарбаздары келіп, тегін оқу-жаттығудан өте алады. Шағын қалашық толығымен шекара қызметі құралдарымен жабдықталған. Орталыққа 7 сыныптан бастап қабылдайды. Бүгін салтанатты ашылу рәсімінде оқушылар оқу-жаттығу түріндегі қойылым көрсетті. Сонымен қатар әскери-патриоттық орталықтың техникалық-материалдық базасы таныстырылды.

Аманжол Оразбаев, Әскери патриоттық және іздестіру қозғалысы республикалық қоғамының төрағасы:

Ол бәрі тура шекарадағыдай. Пограничный вышка дейсіз бе, контрольный цветной полоса, пограничный знак, басқа оқулық, керемет оқулық орын. Осы жерде біздің балалар мен ойлаймын, осы Астананың маңайынан шықпай, шекарада қандай службаны қалай өткізу соның көп мәнісін үйретеді деп ойлаймыз.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу