Каникулға шыққан халық қалаулылары әлі де өңірлерді аралап, аймақтағы мәселелермен танысып жүр. Парламент мәжілісінің депутаты Болатбек Нажметдинұлы Шымкенттегі №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барды.
Кездесуде халық қалаулысы алдымен мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты. Автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін алу немесе ауыстыру бойынша мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін бақылады. Тұрғындармен кездесіп, олардың пікірін білді. Көлік жүргізу куәлігін алу үшін өтетін емтихандарға арналған автодромның жай-күйін көрді. Тест тапсыруға арналған құрал-жабдықтардың, автожүргізу аумағындағы техникалардың стандартқа сәйкестігін тексерді. Ауыр жүк көлігінің жағдайына алаңдаушылық білдіріп, сын-ескертпесін айтты.
Болатбек Нажметдинұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Депутат айтқандай, жүргізуші куәлігі салыстырмалы түрде оңтүстікте көп беріледі. Мәселен, Шымкенттегі бұл орталықта жыл басынан бері 35 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 12 мыңға жуық адамға жүргізуші куәлігі берілген. Жалпы үшінші мегополсите 4 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы бар, оның екінде арнайы автоматтандырылған автодром жұмыс істейді.