Қазақстан көршілес Өзбекстаннан құрылыс материалдарын сатып алу бойынша Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр. Биылғы жылдың алты айында еліміз 87,5 млн доллардың тауарын импорттаған. Ал өткен жылы көрші ел Қазақстанға құны 160 миллион долларға жуықтайтын құрылыс материалдарын экспорттаған. Сондай ақ бұл салаға қажетті шикізаттың 14 түрі жеткізілген. 2023 жылы Өзбекстаннан Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция көлемі 22 миллион доллардан асып, рекордтық деңгейге жетті. Ал биылғы жыл соңына дейін Өзбекстанда 2 триллион сумның құрылыс материалдарын шығару жоспарланып отыр, бұл белгіленген межеден 4,5 пайызға артық.
Жамшид Шерметов, «УЗСАНОАТҚУРИЛИШМАТЕРИАЛЛАРИ» бірлестігі ақпарат қызметінің басшысы:
Жыл басынан бері арнайы бағдарлама аясында 1,2 трлн сумды құрайтын өнім өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда құрылыс материалдарының көлемі 2 есеге өскен.
Базаркүл Отыншиева