Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті. 59 өңірде науқастардың саны көбейіп, бір аптада 8000-нан астам адамнан індет анықталған. 14 тұрғын қайтыс болды. «Осыған дейін тіркелген штамдар мутацияға ұшырап, жаңа вирустар таралуда. Індет жұқтырғандардың үштен бірінде флирт деп аталатын коронавирустың түрі кездескен. Дегенмен ресейліктерді жаппай вакцинациялау жоспарда жоқ»,- дейді мамандар
Геннадий Онищенко, инфекционист-дәрігер:
Бүгінгі күні вирустың түрін тез анықтауға мүмкіндік бар. Ресейдің ірі қалалары, өңірлерінде ауруды анықтау жағы жақсы жолға қойылған. Дегенмен аурудың белгілері байқалған жағдайда үйде емделмей, бірден дәрігерге көрінген жөн. Өкінішке орай тұрғындар осыны назарға алмайды.
Индира Бегайдар