ХАМАС Газадағы атысты тоқтату келіссөзіне қатыспайды. Мұны «BBC» мәлімдеді. Ал Израиль болса бүгін өтетін келіссөзге баруға келіскен. Палестиналық қозғалыс мүшелері бұл жиындардың еш пайдасы жоқ деп отыр. Олардың айтуынша, келіссөздер өткенімен Израиль соғысты жалғастырып жатыр. Бұған қоса, ХАМАС-тың талабына сай атысты тоқтату жоспары мамырда АҚШ президенті Джо Байден жасаған ұсыныстарға негізделуі керек. Газа секторында бітім орнату туралы келіссөз бүгін Қатар астанасы Дохада өтуі тиіс. Оған Израиль, Қатар, АҚШ пен Мысыр өкілдері қатыспақ.
Арай Төлегенқызы