Емхана есепшілері бюджеттің 341 млн теңгесін жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Емхана есепшілері бюджеттің 341 млн теңгесін жымқырған

15.08.2024

Алматыда тағы бір емхананың екі бірдей бухгалтері сотталды. Олар заңсыз жалақы есептеу арқылы ел қазынасының 341 млн теңгесін қолды қылған.

Антикордың мәліметінше, емхана есепшілері іс жүзінде еңбек етпеген адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аударып отырған. Сот үкімімен бас бухгалтерге 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның қарамағындағы қызметкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл Алматы емханаларындағы жемқорлыққа қатысты алғашқы дерек емес. Осыған дейін медициналық мекемелердің бірінде бас бухгалтер мен есепшісі жұмыс істемейтін адамдардың банк карталарына жалақы мен үстеме қаржыны заңсыз аударып, 340 млн теңгені қалтасына басқан. Заңсыз жолмен ақша таппақ болғандар сот үкімімен 7,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу