Ақтөбеде 17 адамнан 314 миллион теңге жымқырған әйел сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде 17 адамнан 314 миллион теңге жымқырған әйел сотталды

16.08.2024

Ақтөбеде 17 адамды алдап, олардың 314 миллион теңгесін жымқырмақ болған әйел сотталды. Ол танысы арқылы арзан пәтерлер сатылып жатқаны туралы жалған хабарлама таратып, азаматтардың сеніміне кірген. Күмән тудырмау үшін заңдық күші жоқ құжаттарды көрсеткен. Осылайша, 314 млн 81 мың теңгені иемденген. Сотта оның кінәсі толық дәлелденді. Екі адамның шығыны төленді. Басқа жәбірленушілерге келген залалдың орнын толтыру үшін оған тиесілі автокөлік пен Алматы қаласындағы жер учаскесі және банктік есеп шоттары тәркіленді. Сот айыпталушының кәмелетке толмаған төрт баласы барын ескеріп, алты жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу