Испанияның Балеар аралдарын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияның Балеар аралдарын су басты

16.08.2024

Испанияның Балеар аралдарында үздіксіз жауған нөсерден кейін тасқын жүрді. Жаңбырмен бірге дүлей дауыл соғып, 10 адам жараланған. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Жолдарды жойқын су басқан. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Әуе рейстері де доғарылған. Ұшақтар көкке қашан көтерілері белгісіз. Табиғи апаттан зардап шеккен Пальма-де-Майорка қаласына әскери бөлімше жіберілді. Сарбаздар жағдайды бақылап, қажет болғанда тұрғындарға көмектеседі.    

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу