Жапония астанасы Токиоға «Ампил» дауылы жақындап қалды. Қалада нөсер жауын құйып тұр. Бұған қоса электр жарығы өшкен. 10 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Дауылға байланысты елде 500-дей ішкі әуе рейсі доғарылған. Бұл 100 мыңдай жолаушыға әсер етті. Ал елдің шығысы мен солтүстік-шығысында жүрдек пойыз қатынасы шектелген. Елдің метеорология агенттігі су тасып, лай көшкіні жүруі және күшті қатты жел соғуы мүмкін екенін ескертіп отыр.
Арай Төлегенқызы