Астанада эко-мониторинг апталығы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада эко-мониторинг апталығы басталды

16.08.2024

Астанада тарихи-мәдени нысандарда эко-мониторинг апталығы басталды. Алғашқы болып елордадағы Бозоқ мұражай қорығының аумағы бақыланды. Мұнда Бозоқ көлінің толық қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Дәл осындай бақылау Алматы облысы мен Түркістан облысында жүргізілді.

Зулфухар Гаипов, Астана қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы:

Табиғаттың мүшесі ретінде қанша құрылыс жүргізсек те, қанша бір осындай үлкен мәдени орталық салсақ та біз экологиялық нормаларды сақтау керекпіз, мәселе осыда. Біз қазір бүгінгі мониторингтік топ қарап шықтық, көптеген нормалар сақталған.

Алина Меліс

Хабарламаларға жазылу