Жетісу облысындағы жастар жазғы лагерьде тәжірибе жинақтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысындағы жастар жазғы лагерьде тәжірибе жинақтады

16.08.2024

Жетісу облысының Ақши ауылында өңірдің белсенді жастары бас қосып үш күндік тәжірибеден өтті. Жазғы лагерьде жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары кәсіби мамандардан экономика негіздерін, шешендік өнер, көшбасшылықтың қыр-сыры бойынша дәріс алып, қабілет-қарымдарын шыңдауға мүмкіндік алды. Қаржылық сауаттылықтарын арттырып, кәсіптік бағдар бойынша болашағын жоспарлауға, өзін-өзі басқаруға машықтанды. «Жетісу жастары» мемлекеттік мекемесі жоба аясында 70-ке жуық шара ұйымдастырып, облыс жастарына түрлі бағытта кеңестер беріп, психологиялық көмек көрсетті.

Мәдина Қасымқызы, Қанйра ауылының тұрғыны:

Осындай іс-шараларға көңілім толып жатыр. Көптеген өзімізге қажетті білім алып жатырмыз. Бос уақытымызды көңілді өткізудеміз. Ұйымдастырушыларға рахмет. Осындай студенттерге, мектеп оқушыларына көңіл бөліп, осындай шара өткізіп жатқанына.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу