АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп өзіне қатысты сот үкімін кейінге қалдыруды сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп өзіне қатысты сот үкімін кейінге қалдыруды сұрады

16.08.2024

АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп өзіне қатысты сот үкімін кейінге қалдыруды сұрады. Ол президенттік сайлаудың өтуін күткен дұрыс деп мәлімдеді. Экс-президент пара бергенін жасыру үшін ресми құжаттарды қолдан жасады деп айыпталған. Бұл іске қатысты үкім қыркүйектің 18-де шығу керек. Алайда Дональд Трамп шешім қарашаға дейін шықса, бұл президент сайлауына араласуды білдіреді деп мәлімдеді. Тағы бір сөзінде экс-президент сайлауда жеңген жағдайда АҚШ-тың Иран және Қытаймен қарым-қатынасын жақсартқысы келетінін айтты. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу