Балқашта демалып жатқан 29 адам уланып, ауруханаға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқашта демалып жатқан 29 адам уланып, ауруханаға түсті

16.08.2024

Балқаш қаласындағы отбасылық пансианатта демалып жатқан 29 адам уланып, 14-і ауруханаға жатқызылды. Олардың 9-ы бала. Демалушылардың нақты неден уланғаны әзірге белгісіз. Ауруханаға жеткізілгендер ішек инфекциясы бойынша ем алып жатыр. Жағдайлары орташа. Бұған дейін де бірнеше адам осыған ұқсас ауру белгілерімен дәрігерлерге жүгінген. Қазір Қарағанды облысының санитар дәрігерлері тексеруді бастады.

Айгүл Шатекова, облыстық санэпидбақылау департаментінің бас маманы:

Балқаш қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары эпидемияға қарсы шараларды бастап, індет ошағына анықтауға кірісті. Науқастар арасында сауалнама жүргізді. Зертханалық зерттеулермен қатар тергеу басталды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Балқаш қалалық полиция бөліміне берілді.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу