Швеция мен Пәкістанда маймыл шешек анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швеция мен Пәкістанда маймыл шешек анықталды

16.08.2024

Африка құрлығынан тыс екі елде маймыл шешек анықталды. Вирус Швеция мен Пәкістанда екі адамнан табылған. Швецияның денсаулық сақтау және әлеуметтік істер министрінің айтуынша, науқасқа қажетті күтім көрсетілген. Швеция азаматы вирустың жаңа штамын Африкада жүргенде жұқтырған.

Парсы шығанағынан келген пәкістандық 1 азамат та, осы вирусты жұқтырған. Осыған байланысты елде сақтық шаралары күшейтіліп жатыр. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, вирустың тарауына қатысты саяхатқа шектеулер қою қажет емес. Кеше халықаралық ұйым әлемдік деңгейде төтенше жағдай жариялаған еді.

Маргарет Харрис, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі:

Біз шекараларды жабуға кеңес бермейміз. Бүгін төтенше жағдай комитеті мемлекеттерге вирусқа байланысты уақытша шаралар қабылдауды ұсынады.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу