Хамас пен Израиль келесі аптада келісім жасауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хамас пен Израиль келесі аптада келісім жасауы мүмкін

17.08.2024

Газа секторындағы атысты тоқтату туралы Дохада өткен келіссөз сәтті болған сыңайлы. Израиль мен Хамас арасында оқ атуды тоқтату туралы келісім келесі аптада жасалуы ықтимал. Қатар астанасындағы екі күндік келіссөзден кейін АҚШ пен оның одақтастары осылай деп мәлімдеп отыр. Мұндай ақпаратты америкалық CNN телеарнасы жариялады. Жиында қарсыласқан тараптарға жаңа ұсыныс жасалған. Ондағы мақсат – Израиль мен Хамас арасындағы келіспеушіліктерді жою. Алайда BBC- дің мәліметінше, Хамас өкілдерінің бірі келіссөзде ілгерілеушілік болмағанын алға тартқан. Енді атысты тоқтату туралы ымыраға келу ниетімен мүдделі тараптар келесі аптада Мысыр астанасы Каирде тағы бас қоспақ.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу