Жамбыл облысында жол апатынан 6 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жол апатынан 6 адам қайтыс болды

17.08.2024

Жамбылда жантүршігерлік жол апаты болып, 6 адам қаза тапты. Тoyota Alfard автокөлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, патруьлдік полиция көлігіне соқтығысқан. Салдарынан, Тoyota ішіндегі 8 жолаушының 4-уі көз жұмды. Skoda-Octavia маркалы көлігіндегі екі полиция қызметкері де, оқиға орнында жан тапсырды. Марқұм болған 46 жастағы полиция капитанының 11 баласы бар. Ал аман қалған Alfard-тың жүргізушісі мен 3 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Меркі аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқыс оқиға Меркі-Шу-Бурылбайтал республикалық автожолының 40-шы шақырымында болды. Облыстық полиция департаменті жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғады. 

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу