Токиодан ұшқан ұшақ астанаға шұғыл қонған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токиодан ұшқан ұшақ астанаға шұғыл қонған

17.08.2024

Токиодан Цюрих қаласына ұшып шыққан ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Оған себеп 50 жастағы жолаушының инсульт алуы. Бұл туралы Астана әуежайы хабарлады. Ұшақ жолаққа сәтті қонғанымен, экипаж қателігінен сырғып кеткен. Сондықтан апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін дабылды ескерту жарияланды. Оқыс оқиға үшін Астана әуежайы барлық рейс үшін екі сағатқа жабылып, кешкі сағат 18.30-да қайта ашылды. Салдарынан бірқатар рейс кешікті.


Кешелі бері Алматы халықаралық әуежайында да, рейстер кешігіп жатыр. Оған себеп әуе кемелерінің кеш келуі, резервтік ұшақтардың жетіспеушілігі мен техникалық ақаулар дейді, әуежайдың баспасөз қызметі. Мәселен бүгін Ташкент, Ақтау, Орал, Шымкент, Қарағанды және басқа да қалаларға жоспарланған рейстер, бірнеше сағатқа кешігіп ұшқан. Сондай-ақ Шымкент, Ташкент, Қостанай, Бішкектен ұшып келетін ұшақтар уақытынан кеш қонған. Жолаушылардың сөзінше, ұшып келетін, сол секілді ұшып шығатын рейстердің кешігуі біраз қолайсыздықтар туғызған.

Хабарламаларға жазылу