Алматы облысында экскаватормен бірге жүргізушісі өзенге құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында экскаватормен бірге жүргізушісі өзенге құлап кетті

19.08.2024

Алматы облысында экскаватормен бірге жүргізушісі өзенге құлап кетіп, абырой болғанда, аман қалды. Оқыс оқиға Райымбек ауданында болған. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Қатты жауын-шашын салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Соның кесірінен экскаватор жолдан тайып, өзенге құлап кеткен. Құтқарушылар ер адамға саты беріп, жоғары шығуға көмектесті. 52 жастағы ер адам аман, дәрігерлер көмегіне жүгінбеген.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу