Маймыл шешегіне байланысты бақылау күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маймыл шешегіне байланысты бақылау күшейтілді

19.08.2024

Маймыл шешегінің қаупіне байланысты еліміздегі әуежайлар мен шекарада бақылау күшейтілді. Инфекция анықталған мемлекеттерден келген жолаушылар қатаң тексеруден өтіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуынша, Қазақстанда бұл кеселді жұқтырған науқас тіркелмеген. Дегенмен ведомство эндемиялық елдерге сапарлатуды жоспарлағандарға сақтануды ескертеді. Яғни ауру жұқтырған адамдармен және жабайы жануарлармен байланыста болудан аулақ болу керек. Басты талаптардың бірі - гигиена сақтау. Қолды үнемі жуып, дезинфекциялау құралдарын қолдану шарт. Аса қажеттілік туындамаса, маймыл шешегі тіркелген елдерге бармаған жөн. Егер алғашқы белгілер байқалса, яғни дене қызуы көтеріліп, бөртпе, және басқа да белгілер пайда болса, дереу дәрігерге жүгінген жөн, - дейді мамандар.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу